Қажылыққа Шымкенттен 220 адам аттанды

216
Қажылық қабыл болғай

Қасиетті құрбан айт қарсаңында қажылық сапарға алғашқы топ аттанды. Әл-Маруа туристік компаниясының ұйымдастыруымен Шымкенттен екі жүзден астам адам құлшылық мекеніне жолға шықты. Олардың арасында ең үлкені 80-ге таяған қарт та6 20 жасар бозбала да бар.

Алла алдындағы парызын өтеуге ниет еткендер бүгін Алматыға жетіп әрі қарай Түркияға аттанады. Содан соң қасиетті Мединаға табан тірейді. Алғашқы топтың құрамында 220 адам бар. Құдайға құлшылығын арттырып, қажылықты атқаруға аттанғандарға Әл-Маруа туристік компаниясы қызмет көрсетеді.

Жалпы қазір Қазақстан бойынша қажылыққа апаруға қабілетті 20-ға жуық туристік агенттік бар екен. Олардың ішіндегі 4-уі ОҚО тіркелген.

Қасиетті құрбан айт қарсаңында Алла алдындағы аманатын орындаушыларға жылдағыдай 4 мыңға жуық квота бөлінген. Былтыр елiмiзден Меккеге 3800 қажы аттанып, парызын ойдағыдай орындаса, биыл ниет бiлдiрушiлер саны едәуiр артыпты. Осыған байланысты Сауд Арабиясының Қажылық министрлiгi жыл сайын бөлінетiн квотаның санын да арттырамыз деп отыр келешекте. Биыл қасиетті мекенге құлшылық етуге жер шарының түкпір-түкпірінен 7 миллионнан астам мұсылман жиналады деп болжанып отыр. Шымкенттен сапар шеккендер қажылық құлшылығымызда Алладан елдің амандығын көп тілейміз дейді.

Мекке шаһарына жол бұйырған қажылардың дені қарт кісілер. Сондықтан сапар кезінде оларды арнайы дәрiгерлер бақылауда ұстап, алғашқы көмек ұсынатын болады. Қолдағы мәліметтерге сүйенсек қазір Дубайда 32, ал Меккеде 35 градус ыстық көрінеді. Облысымыздан аттанған алғашқы лек енді 20 күннен кейін елге оралады.