Елбасыдан хат алған оқушы

502
Балнұр достарымен

Мемлекет басшысына арнап жазған хатына жауап алған Балнұр Шымкент қаласындағы №80 мектептің 10-сыныбында оқиды. Он алты жасар жеткіншек өзінің елағасына ұқсағысы келетін жасырмайды.

«Сіз сияқты асқар белестерге жетіп, елімнің сүйікті қызы болғым келеді. ХХІ ғасырдың көшбасшысына тиісті қабілеттерге ие болып, елімді алдыңғы қатарға жетелеп жүрген жастардың бірі ретінде мен де өзіндік үлесімді қосып, ел алдындағы міндеттерді орындағым келеді.» – деп жігерлене жазған хатын арман-тілекке толытырп, бас қаламыз Астанадағы Ақордаға жіберген екен.

Көп ұзамай, Шымкенттік жас Балнұрға Елбасының сәлемдемесі жетеді. ҚР Президенті кеңесінің бастығы М.Қасымбеков қол қойған хатта былай деп жазылған:

«Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев сенің хатыңмен және жіберген өлеңдерімен танысты. Осы бастан өзіңе ізгі мақсаттар белгілеп, соған талпынысың үшін ризашылығын білдірді. Президент сен үздік оқып, тынбай ізденіп, келешекте өз армандарыңа қол жеткізсең, жақсы азамат, білікті маман боласың деп сенеді Мемлекет басшысы тілегіңді ескеріп, саған өзінің «Еуразия жүргенде»деген кітабын сыйлағанды жөн көрді. Талабыңа нұр жаусын, қарағым!» Осы хатпен кітапты алған Балнұр Назарованың қуанышында шек болмаған.

Балнұр Назарова, №80 мектептің оқушысы:

– Кітаптың бетіндегі «Айналайын Балнұр!» деген сөзді және Елбасының ақтілегін көргенде көзіме жас алып, қуандым. Ия, рас, басында жауап келмейтін шығар, мен сияқты мыңдаған оқушының хаты барады, оқымайтын да шығар деп ойладым. Деседе, тәуекелге бел буып, жібердім хатымды. Мен өз Президентімді жақсы көрем!

Бұл күнде дарынды қыз 10-сыныптың материалдарын тездетіп оқып, 11-сыныпқа өтпекші. Сөйтіп биыл ҰБТ-ны тапсырып, алтын белгісін ақтап, жоғары оқуға түсу үшін қызу дайындық үстінде.