Шымкентте жұпаргүл екінші рет гүлдеді

Любовь Нестеренко биылдыққа екінші рет жұпаргүлді қырқып алуда

Таңғажайып оқиға! Қаламызда күздің бел ортасында жұпаргүл гүлдеп тұр.
Тассай шағынауданының тұрғыны Любовь Нестеренко жұпаргүлдың ескі бұтасын кеспек болғанда көргеніне сене алмапты.
«Мен бұтаны ескі жапырақтарымен жұлып тастап, торайларға бермек болдым. Дәл сол ескі бұтаның жұлынған тұсынан жаңа өскін өсіп шығып, гүлдеп отыр», – дейді Любовь Нестеренко.
Жұпаргүлдің алғашқы қауызы осыдан бір апта бұрын гүлдеген. Оны суықтан үсіп қалады деп қорыққан қожайын бірден бірнеше бұтағын кесіп тастапты.
Дендрогог-ғалымдар мұндай мерзімінен бұрын болған жағдай немесе екінші рет гүлдеудің соңы өсімдіктің курап кетуіне әкеліп соғады. Әрі өсімдіктің ыстық ауа райында қайта гүлдеуі – өтпе желдің жетіспеушілігін білдіреді дегенді айтады. Ал Нестеренко жүпаргүлдің әлі талай адамдарға қуаныш сыйлайтынына сенімді