Жасыл алаңға мемлекет қызметкерлері шықты

315
Қала әкімінің кубогі үшін тартыс футболдан өтті

Олардың арасында үш ауданның әкімшілігімен, қала прокурорлары да бар. Бұл азаматтарды спорттық киімде күнде көру мүмкін емес. Алайда, бос уақыт тым аз болса да жерлестеріміз салауатты өмір салтын сақтауға уақыт бөлеміз дейді.

Данабек Абсиков, Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары: «Біз спортпен шұғылданып тұрамыз. Сол себепті бұл турнирге нақты жоспар қойып отырмыз. Ол жеңімпаз болу. Қолымыздан келеді деп сенемін. Дайындығымыз жақсы.»

Жасыл алаңда бірінші болып  еңбекші аудандық әкімшілігімен Абай ауданының прокурорлары допқа таласты. Қала әкімінің кубогі үшін тартыста он екі команданың әуесқой футболшылары сынға түседі. Сөйтіп, №7 қалалық футбол мектебінің ұйымдастыруымен қала күні тойлануда. Жарыс екі күнге жалғасады. Содан кейін спорттың өзге түрлерінен де шымкенттіктер сынға түсіп, қала күніне дейін бір қатар іс шара өтеді. Ал футболдан қала әкімінің кубогіне қай команда ие болғаны сенбі күні белгілі болады.