Оңтүстікқазақстандықтар жемқорлықтан көш бастап тұр

217

Шымкентте «Нұр Отан» ХДП-ның ұйымдастыруымен «Сыбайлас  жемқорлыққа қарсы» аймақтық форум өтті. Іс-шара барысында нұротандықтар үкіметтік емес ұйымдар, саяси партиялар, қоғамдағы өзге де ұйымдармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық қозғалысы жөніндегі меморандумға қол қойды. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демек, қоғам болып, бірігіп ат салыспасақ, бұл дертті жою мүмкін болмай тұрғанын құқық қорғау органдарынан түскен фактілер дәлелдеуде екенін нұротандықтар жасырмауда.

 Ибраһим Иманов, облыс прокурорының орынбасары:

«Статистикаға жүгінсек, ағымдағы жылдың 10 айында сыбайлас жемқорлыққа байланысты 285 қылмыс тіркелген, оның 55-і кәсіпкерлердің араласуымен пара алу фактілері. Бұдан бөлек,лауазым иелерімен сеніп тапсырған мемлекеттік мүлікті талан-таражға түсіру бойынша 107 қылмыс орын алған. Ең сорақысы, солардың арасында өзгелерге үлгі болар жетекші партияның мүшелерінің болуы- қоғамда оң пікір тудырмайтыны анық. Партияның 25 мүшесі істі болған».

Әділ жолмен мәселелерді шешуге болмайды деген қоғамдағы көзқарасты өзгерту қажет.

«НұрОтан» ХДП Партиялық бақылау Комитеті төрағасының орынбасары Нұрлан Баймұрзаев:

«Сен тимесей, мен тиме» деген немқұрайлықтан арылу керек. Неше форум өтіп жатыр, нәтиже жоқ деп, қол қусырып отыруға да болмайды. Талаптарды күшейту керек. Былтыр 4 әкімнің үстінен қылмыстық іс қозғалған, ал биыл 9 айдың қорытындысы бойынша 11 лауазым иесі жауапқа тартылды. Өткен жылмен салыстырғанда ОҚО сыбайлас жемқорлық фактілері 12 пайызға артқан».

Форумға қатысқандар жемқорлыққа жол берген фактілер БАҚ арқылы жария болуы тиіс. Заңбұзушылықтардың алдын алу мақсатында тексерулер, насихат жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуі тиіс. Ол іс -шаралардан қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялардың өкілдері тыс қалмауы керек.