Оңтүстіктен 315 депутат сайлануы тиіс

депутаттарды қайта сайлау 2012 жылдың 15 қаңтарында өтті
депутаттарды қайта сайлау 2012 жылдың 15 қаңтарында өтеді

Елімізде саяси маңызы бар тағы бір науқан басталмақ. Келесі жылы қаңтардың 15-інде су жаңа мәжілістің кірпіші қаланады. Оңтүстік жұртына келесі жылы мәслихаттың барлық деңгейі бойынша 315 депутатты іріктеп, сайлауы тиіс. Бірақ әзірге ешбір үміткер өз кандидатурасын ұсынбаған көрінеді.

Жергілікті аумақтық қарапайым комиссиясы ауқымды науқанға толық дайын. Тек кандидаттардың ұсынысын күтіп отыр. Әрине бірден қала, аудан, облыс және мәжіліс депутаттарын сайлау оңай шаруа емес. Мәслихаттың мәселесі де өз алдына үлкен жұмыс. Төменгі парламент палатасының кешігіп тарауы салдарынан мерзім де межесінен тайыпты.

Оның үстіне алдағы сайлаудың болмысы ерекше болмақ. Себебі мәжілістің депутаттық корпусына өзге де саяси партиялардың өкілдері кандидаттыққа түсе алады. Сайлау комисиясы қазір қалалық мәслихаттан 29 депутатқа орын берілгенін айтты. Сондай ақ облыстан 50 адам халық таңдауына түсе алатындығын мәлімдеді.

Нұр Отан партиясы да өз қалауларын,депутаттық мүшелікке ұсынтын болады. Бірақ кімнің сайланатынын уақыт көрсетеді. Әзірге праймуақыт таңдалып әр аумақтан бір кандидат ұсыну мәселесі қаралып жатыр. Облыстық сайлау комисиясының төрағасы Берік Торғаутовтың айтуынша айтулы саяси шарада бәсекелестік жоғары болады. Себебі барлық партия лауазымды қзыметте жұмыс жасағысы келеді. Оның үстіне аумақта бір ақ адам сайлауға түсер болса байқаудың көлемі де зор болмақ.

Президент мәжілістің кезектен тыс сайлауына дайындық жасап, ұйымдастырып өткізуді орталық сайлау комиссиясына жүктеді. Жаңа 2012 жылдың бюджетінде Парламент пен маслихаттар сайлауын өткізуге 8,6 млрд теңге қарастырылыпты. Айта кету керек, Қазақстан тәуелсіздігін жариялағаннан бергі 20 жылға жуық уақыттың ішінде парламентті төртінші мәрте таратып отыр.