«Шымкент» сауда үйінде орын алған қылмысқа қатысты қыз ұсталды

217
С.Қаракөзова

19 жастағы студенттің үстінен «бұзақылық» қылмысы бойынша іс қозғалды.
Бізге белгілі болғандай ауыр қылмысқа қатысы бар нәзік жанды Мақтаарал ауданының тумасы. Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзованың айтуынша, одан басқа жаққа шығып кетпеймін деген қолхат алынған.
Бірақ Қаракөзова ханым ол күдікті қыздың бұл ауыр оқиғаға қандай қатысы бар екенін анықтаған жоқ.

Алайда, алдағы күндері құпиялы қылмыстың барлығын анық-қанығымен жария ететіндігіне уәде берді. Әзірге, ағайынды егіздің үстінен ҚР ҚК-нің «адам өлтіру» және «адам өлтіруге оқталу» қылмыстық іс қозғалған.

Еске сала кетейік, 17-қараша күні кешкісін қаладағы белгілі сауда үйінің 4-қабатында орналасқан кафесінде осы демалыс орнының әкімшісін өлтіріп кеткен болатын. Күдіктілер сол кезде-ақ күзеттің қолына түскен.

Олар мақтаралдық 18 жастағы егіздер екен. Оқиға орынан марқұмға бірнеше рет тығылған пышаққа алынды. 28 жастағы әкімші сол сұғылған пышақ салдарынан оқиға орнында қайтыс болған.