Шымкентте ағылшын тәсілімен жер телімі саудаланды

263

Аукцион арқылы жер телімін саудалау 2006 жылы басталып дүниежүзілік дағдарыс кезінде сұраныстың жоқтығынан тоқтап қалған болатын. Шымкент қалалық жер қатынастары бөлімі биылға алғашқы аукционды өткізді. Нәтежесінде саудаға қойылған 28 лоттан бюджетке 30 млн. теңгеге жуық қаражат түсетін болды.

Жыл соңында  өткен  алғашқы саудаға қойылған 28 лоттың 27 Асар шағын ауданында. Содан да болар жер телімінің бәрін «Ақ Орда» корпарациясы саудалап алды. Аукционға қатысу үшін алуға ниеттенген әр лотқа 50 589 тенге  кепілдеме төлеген әрбір азамат саудаға қатысуға құқылы.

1 млн. теңгеге сатылған жалғыз жер телімі «Нұрсат» шағын ауданында. Бұл жердің жеңімпазы Дүкен автотұрағымен салуды жоспарлапты. Жасыратындығы жоқ «Нұрсат» шағын ауданында автотұрақ мәселесі күрделі. Ал осы жоспар орындалса сауда пайдаға асады.