Төлеби мен Қазығұртты жалғайтын жол

369
Екі ауданның тұрғындары дән риза

ОҚО-ның осы 2 ауданының халқын байланыстыратын «Шарапхана-Жаңабазар-Бірінші Мамыр» автожолы орташа жөндеуден өтіп, ел игілігіне берілді.Бұрындары бұл екі орталықта әбден жол азабын тартқандар болыпты. Әсіресе, жолаушылардың уақыты мен жол шығынын үнемдеуде алатын орны зор.

Сейділдаев Жақсыбек, Көкібел ауылының ақсақалы:

– Жолдың ашылуы біз үшін өте қуаыныш. Бір Сарыағашқа баруымыз үшін Шымкентті айналытынбыз. Жолақысы да қымбатқа түсетін болды. Бұрындары 1200-1400 теңге көлемінде шығынға түссек, енді 400-500 теңге кетеді.

Тұрғындардың тағы бір тілегі бар. Олар екі аудан аралығына тікелей қатынайтын бағыттық көліктер берілсе дейді. Жолдың жырын дер кезінде бітірген билік, халықтың бұл тілегін қалдырмас деп ойлаймыз.