Жол билеттерінің құны қалтаны қағып тұр

поездың билеттери

Оңтүстікте әзірге ұшақ билеттерінің құны өзгеріссіз. Әрбір әуе тасымалдаушы компанияларда тариф біркелкі. Алматыға 14 600 ал, Астанаға 23 600 теңге көлемінде. Ал қаңтардың бірінен бастап темір жол билетінің құны көтеріледі деген жаңалық оңтүстік жұртын тағы бір тығырыққа тірейтін сияқты. Бұрынғыдай ел аралап, жер шарлауды енді екінің бірінің қалтасы көтере бермейді.

Ал Астанадан ат арытып келген азаматтар билет таппай әуре. Олар тек бір аптадан кейін қайтуға мүмкіндік алды. Қымбат болса да Шымкентте жол жүру билетін алу өте қиын дейді астаналық қонақ.

Вокзал басшылығы тарифке байланысты өзгерістер туралы түсінік беруден бас тартты. Ол тіпті, бұл жаңалықтан бейхабар болып шықты. Ал кассадағылардан бұл жайлы сұрау былай тұрсын, олар тіпті, билет бағасын айтуға ерінеді.

Әупірімдеп сұрастыра келсек, ең арзан билеттер қала сырты аумағында болып шықты. Ол 1000 және 2000 теңге төңірегінде. Ал өзге облыстарға қатынау бағасы айтпасада айқын. Қазіргі тарифтің өзінде поезд билеттерінің құны қалтаны қағып тұр.