Оңтүстіктің тумасы Бауыржан Нұрымбетов баспаналы болды

Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағанбетов жас әнші Бауыржан Нұрымбетовке Елордадан пәтердің кілтін табыстады.

Бауыржан: «Мен мұндай сыйлыққа өте қатты қуандым».

Еңбегінің бағаланып, еленгеніне әнші дән риза. Бауыржан Нұрымбетов алғаш рет өнерге 21 жасында келген. 2005 жылы өткен «Жас қанат » ән байқауында Лауреат атанған. Жақында Бауыржанның орындауында «Асылым ғашығым», «арулар» атты жаңа әндер жарыққа шықты.