Шымкентте екі азамат жоғалды

Бақдәулет Баймағанбет
Бақдәулет Баймағанбет

Шымкентте 23 жасар Бақдәулет Баймағанбетке іздеу жарияланды. Жас жігіт жетоқсанның 11-і күні «БМВ-520» маркалы жеке көлігімен шығып кеткен екен.  Сол кезден бастап оның мұнан кейінгі жағдайы белгісіз.

Бақдәулет қара күртеше мен іскерлік костюмде болған. Бойы 175 сантиметр шамасында. Ал теміртұлпарының мемлекеттік нөмірі: Х355***. Республика даңғылы, №31 үйде тұрады.

«Отырар» телеарнасының эфирінен осы мәлімет көрсетілгеннен соң, редакциямызға Бақдәулеттің әріптестері хабарласты. Айтуларынша, жоғалған жігітке қоса, олардың тағы бір қызметкері Шыңғыс Жаманқұлов жұмысқа келмей жүрген көрінеді.  Қос әріптес сол күні (11 желтоқсан) кездескен деген болжам бар. Содан бері екеуінен де ешқандай хабар-ошар келіп түспеген.

Қазіргі күні Бақдәулетті іздеу жұмысымен Абай аудандық полиция бөлімі айналысуда. Сайтымыздың қонағы болған әрбіріңіз біз іздеу салған азаматтарды, не болмаса, олардың көлігін көрген болуыңыз мүмкін.

Егер де, Бақдәулет Баймағанбет пен Шыңғыс Жаманқұлов жайлы бірер ақпардан хабардар болсаңыз, біздің редакцияға немесе полиция бөліміне телефон шалуларыңызды сұраймыз.

«Отырар» телеарнасы: 41-02-67. Абай аудандық полиция бөлімі: 56-02-62, 98-07-50, 8-777-855-12-14.