Жас баланы қағып кеткен жүргізуші бір жарым жылға сотталды

Облыстық сот автокөлігімен баланы қағып кетіп, оны оқиға болған жерге қалдырып кеткен жүргізушіге қатысты шешімін шығарды. Бұл бірінші отырыс емес, жақында ғана Әл Фараби аудандық соты іске қатысты үкім шығарып, жәбірленуші жақта, айыпталушы да қанағаттанбаған еді. Алайда облыстық сот өз шешімін күшінде қалдырды.

Соттың бұл үкіміне үш жасар Елдос Рахымжанның ата-анасы риза емес. Олар баланы қағып кетіп, әрі оқиға орнынан бой тасалаған адам үшін 1,5  жыл жазасын өтеу- жеңіл жаза. Зардап шеккен балғын 4 айдан бері ауруханада ес-түссіз жатыр.

Баламыз ауыр жағдайда ыстығы 40 градустан түспеуде. Өкпесі де қабынған. Ал кінәліні тек бір жарым жылға ғана соттады. Әділдік қайда? -дейді зардап шеккен баланың анасы.

Ал айыпталушының қорғаушысы баланың ата-анасы даурығатындай мәселе жоқ деп отыр. Мұны дәрігерлер де растап отыр дегенді алға тартады. Сондықтан 1,5  жыл керісінше көп мерзім деп санайды заңгер.

Елдос бүгінде расында да палатаға ауыстырылған. Алайда әлі ес-түссіз күйде жатыр. Бүгінгі шешімге разы болмаған ата-ана енді жоғары сотқа жүгінбекші. Айыпталушының қорғаушысы да сол жаққа жазаны жеңілдету үшін өтініш жасамақ.