Зортөбеде мектеп бой көтерді

201
жаңа мектеп ғимараты

ОҚО Сарыағаш ауданындағы Зортөбе ауылында әлеуметтік нысан  ашылды. Мұнда облыстық бюджет есебінен салынған Абай атындағы №18-ші жалпы орта мектебінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

Білім ордасында арнайы шағын орталық ұйымдастырылған. Енді мұнда ауылдың мектепке дейінгі бүлдіршіндері тәрбиеленетін болса, мектеп жасындағылар заманауи тұрғыда жабдықталған мектепте білім алмақ.

Бұрын апатты жағдайда болған мектеп ғимаратында үш ауысымды оқып келген оқушылар, ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында осылайша су жаңа білім ордасына жайғасты. Енді олар бір ауысымда арнайы пәндерінен дәріс алса, екінші ауысымда қосымша сабақ алып, мектеп жанындағы түрлі үйірмелерге қатыса алады.