Алдағы күнге ауа-райы болжамы

Ауа райы

Қазақстанда алдағы екі күнде, антициклонның ыдырауынан аяз әлсірейді. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс арқылы атмосфералық тұтас ағым өтуінен ауа райы құбылмалы болады.

Оңтүстік Қазақстан облысында аздап қар жауады, тұман түседі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғып, кей жерлерінде 15-20 м/с болады.

Ауа темперутаруасы түнде -8,-13, кей жерлерінде -16,-21, 24-қаңтарда түнде -5,-10, кей жерлерінде -16 градус аяз болады, күндіз -3,-8 градус, кей жерлерінде 0,-5 градусқа дейін көтеріледі.