Алмастың құны алтыннан да асып түспекші

418
Алтынға қарағанда алмас құндырақ болмақ
Алтынға қарағанда алмас құндырақ болмақ

2015 жылға қарай алмас тасы алтынға қарағанда қымбаттай түседі. Мұндай болжамды сарапшылар Қытай мен Үндістандағы және Таяу Шығыстағы алмасқа сұраныстың артуына байланысты айтып отыр.

BMO Capital Markets-тің сарапшысы Эдуард Штерктің болжамынша, 2012 жылы алмастың бір каратқа шаққандағы орташа құны 9 пайызға, яғни 145 АҚШ долларына дейін өсуі мүмкін. Сондай-ақ, 2013 жылы асыл тастар құны 1,4 пайызға көтерілсе, 2014 жылы 4,8 пайызға, ал 2015 жылы 2,6, 2016 жылы 3,2 пайызға жетуі ықтимал.

Алмастың абыройы артқан кезеңде алтынның құны төмендейді деген болжам жасайды сарапшылар. 2012 жылы алтынның бағасы 19 пайызға дейін арзандап, бұл процесс 2016 жылға дейін жалғаспақ. Арнайы зерттеулерге сүйенген сарапшылар Қытай мен Үндістанда сондай-ақ, Таяу Шығыстағы әлемдік нарықта 2015 жылға қарай алмастың 40 пайызы сатылымға түседі деп отыр.