ОҚО мен Шымкент тұрғындарының саны жайлы толық ақпар

2616
статистика

Азаматтардың мекен-жай мәліметтерін қайта тіркеу барысында шымкенттіктердің саны 1 млн. 200 деп жария етілсе, бір жеті өтпей ол деректер облысқа тиесілі деп айтылды. Нақты деректен шатасқан мамандар санақтан қателескендіктен, облыстық статистика департаментінің көмегіне жүгіндік.

 Гүлнара РҮСТЕМОВА, ОҚО статистика департаментінің әлеуметтік және демографиялық статистика басқармасы бастығы: «2011 жылдың 1-желтоқсанға халық саны облыс бойынша  2 млн. 619,9, Шымкент қаласында 641,9 ғана адам.»

Республика көлемінде ең көп өсім ОҚ облысында тіркелген. 2010 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда оңтүстікқазақстандықтардың саны 56,7 мың адамға артқан. Республиканың 3 өңірінде Астана, Алматы, Маңғыстау облыстарында халық саны көші қон және табиғи өсім есебінен көбейсе, ОҚ, Қызылорда және Жамбыл облыстарында- тек табиғи өсіммен қауымның қатары артып отыр. Ағымдағы жылдың осы мерзімінде қаңтар-қарашада 2011 жылы АХАТ органдары ОҚ облысында 75,7 мың тууды тіркеген.

Гүлнара РҮСТЕМОВА, ОҚО статистика департаментінің әлеуметтік және демографиялық статистика басқармасы бастығы: «2009 жылғы халық санағының қорытындысы бойынша халық саны ОҚО  2 469,4 мың адамды құрады.»

Халық санағы әр он жылда өткізілетінін ескерсек, 1999 жылғы санақпен салыстырғанда 491 мың адамға артқан. ОҚ облысының тұрғындары ҚР халқының 15,7 пайызын құрайды екен.