Облыстық сот өткен жылды қорытындылады

235
облыстық сот төрағасы

Өткен жылдың 12 айында облыстық сотта аппелляциялық тәртіппен 2074 азаматтық іс қаралған.

Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы судьяларының 2011 жылы сот төрелігін жүзеге асыру нәтижелері бойынша өткен кеңейтілген жиынында айтылды. Оған Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының судьясы, облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары қатысты.

Мемлекеттік биліктің бір тармағы болып саналатын сот саласында ел азаматтарының конституциялық бостандықтары мен құқықтарын қамтамасыз ету, әділ сот төрелігін жүзеге асыру бағытында соңғы жылдары ауқымды жұмыстар жүзеге асырылып келеді. Жоғарғы соттың өз талабы бар:

Талап орындалуда. Өткен жылы аудандық және оған теңестірілген соттарға азаматтық және әкімшілік істердің түсуі өскен. Осыған орай аяқталған істер саны мен шығарылған шешімдер саны да артқан, ал қылмыстық істер азайып отыр. Қаралған 42797 азаматтық іс пен 4133 қылмыстық істердің 95 пайызында тараптар келісіп, сол инстанцияда шешім шыққан.

Әкімшілік іс 2010 жылмен салыстырғанда 30,4 пайызға көбейіпті. Барлық сот жүйелерінде жоғарғы дәрежедегі технологияның жетістіктері қолданылуда дейді судьялар. Іс жүргізілетін залдарға 100 пайыз аудио-видео қондырғылар орнатылған. Жоғарғы Соттың жасаған мониторингіне сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысының соттары Республика деңгейінде 1-орынға ие болып отыр.

Судья әдебі мен мәдениеттілікті сақтау тереңірек айтылған жиында ҚР Жоғарғы сотының «Құрмет грамотасымен» облыстық соттың кассациялық сот алқасының судьясы Ботабеков Бақытжан марапатталса, облыстық соттың аппелляциялық сот алқасының судьясы Ыбырай Мәтібаев пен Шымкент қаласы Абай аудандық сотының судьясы Шара Төребековаға алғыс хаттар берілді. Бірқатар судьяларға Облыс соты төрағасының дипломдары табыс етілді.