Отандастарымыз ІІМ-не қызды қағып кеткен бұрынғы полицейдің кешірімге ілінгеніне қарсымыз дейді

Асқар Көлбаев сот залында бостандыққа жіберілді

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың жеке блогына бір топ қазақстандықтар Асқар Көлбаевқа қатысты іске наразылықтарын білдіруде. Бұрынғы полиция майоры жас бойжеткенді қағып өлтірген болатын. Алайда кешірімге ілініп, жазадан құтылған Асқар дәл сот залында бостандыққа жіберілген» – деп хабарлайды ҚазТаГ.

«Қазақстан Республикасында адамның өмірі мен денсаулығы, азаматтардың абыройы мен ар-намысы  – ең басты құндылық деп саналады. Солай бола тұра қалайша құқық қорғау қызметкерлері ауыр жазадан құтылып кетеді немесе кешірімге ілігеді?»,- деп жазады Қасымовтың блогына Станислав Денисенко.

«Адам мас күйінде көлік жүргізіп, қыздың өліміне себепкер болады. Сөйте тұра, кешірімге ілігеді! Бұл жағдай құқық қорғау қызметкерлері мен сот жүйесінің беделіне нұсқан келтіріп, адамдардың сенімін жоғалтуда. Осыдан кейін, қарапайым адамдардың полиция қызметкерлеріне, сот жүйесіне, жалпы үкіметке деген көзқарасы қандай болуы мүмкін»,- деген өз хатында келесі автор – Әлібек Алдияров.

Бұл ойды өз сөзінде Геннадий Миронов да қуаттай түседі: «Менің бір ғана сұрағым бар: қылмыстық заңдар жинағынан барлық баптарды алып, Ішкі істер министрлігін тарқатып жіберейік? Бәрібір еш пайдасы жоқ. Өлтірушіні сот залынан бостандыққа жібереді. Сонда құқұқ қорғаушылар бізге не үшін керек?»

Ал Ішкі істер министрі «Бұл- Ішкі істер министрлігінің міндетіне кірмейді. Сондықтан барлық сауалдарыңыздың жауабын прокуратура  мен сот саласынан ала аласыздар», – деп жауап берді.