«Ұлытау» тобы мен Қыдырәлі-Қарақат гастрольдік сапарларын Шымкенттен бастайды

Ұлы Тау тобы

«Ұлытау» тобы әу бастан-ақ игі мақсатпен құрылған еді. Мақсат– қазақ домбырасы мен халық күйлерін әлем халықтарына таныту. Қыдырәлі Болмановтың бастамасымен құрылған топ не бары бес-алты жылда үлкен нәтижелерге қол жеткізіп үлгерді. 2001 жылы Голливудта өткен Бүкіләлемдік музыка орындаушыларының чемпионатында бас жүлдені жеңіп алды. 2004 жылы әлемдік жұлдыздар санатындағы түрік әншісі Тарканның концертінде өнер көрсеткен. Ал, 2005 жылы топ музыканттары Чешенстан Республикасы мен Ингушетия Республикасының еңбек сіңірген және халық әртістері деген атаққа ие болған. Топтың алғашқы альбомының атауы–«Жұмыр қылыш».

Қарақат Әбілдинаның сахнада жүргеніне 10 жыл толды.

Қарақат Әбілдина,әнші: «Ең бірінші айтарым, осы он жылдың ішінде елдің алдына шығып кетпесем де, соңында қалып кеткенім жоқ. Әрқашан бір қалыпта, елдің көз алдында өстім. Әр адамның өзінен өткен сыншы жоқ. Аллаға мың шүкір, бұл он жыл менің отбасым үшінде, өнерім үшін де тек қана бақыт әкелген жылдар болды. Осы аралықта әйел бақытын да, әншілік бақытымды да таптым. Негізі мен өзімді жолы болғыш адамдардың қатарына жатқызамын. Балалық шағым бақытты өтті, студенттік кезеңімде Сәуле апайдай ұлағатты жолықты, 21 жасымда Қыдырдай азамат аялы алақанына қондырып мәпеледі. Талантымды бағалап, болашағымды бағалап,өнеріме демеу болды. Бұдан соң маған тілектес, ниеттес көрерменім қалыптасты. Міне енді жақын күндері Шымқалаға кезекті рет концерттік кешпен келмек ниетіміз бар. Қашанда біз гастрольдік сапарымызды Шымшахардан бастаймыз».

Қыдырәлі Нұртайұлы Болманов-әнші, продюсер. Жезқазған олбысындағы Қарсақбай ауылында 1964 жылы 19 мамырда дүниеге келген. Алматы театр көркем өнер инстиутын бітірген. Ал 1996 жылы АБК тобының негізін қалаушы әрі белді әншісі продюсері. 2001 жылы «Гүлдер» ансамбілінің көркемдік жетекшісі. 2008 жылдан бері Астана қаласы мәдениет денпартаментінің директоры қызметін атқарып келеді. Алғашқы отандық продюсерлердің бірі. Оның жобалары: «АБК», Рахат Тұрлыханов, Бангор, Нұржан Қалжан және жан жары Қарақат Әбілдина. Мемлекеттік дарын сыйлығының иегері.