Балалар бірінші сыныпқа барарда емтихан тапсырмайды

326
Оқушылар қуанышында шек жок

Мектеп жасына дейінгі балалардың ата-аналарына жағымды жаңалық. Олай дейтініміз енді қазақстандық балалар бірінші сыныпқа барар шағында емтихан тапсырмайтын болды. Үкіметтің осындай қаулысы күшіне енді. Ал заңды белшеден басқандар жазаға тартылады.

5 жасар Максимнің дәл қазір ойнауға мұршасы жоқ. Ол бірінші сыныпқа бару үшін оқу мен санауды меңгеруі тиіс. Ұлының күндегі тынымсыз тірлігіне қарап, оның ата-анасы ызаланады. Себебі, мұндай күйбеңнен баланың психикасы тез күйзеледі.

Бірінші сыныпқа баратын балғындардың тест немесе емтихан тапсыруына үзілді-кесілді тыйым салынған дейді шымкент қалалық білім бөліміндегілер. Бірақ, үкіметтің мұндай қаулысының күші еліміздегі лицейлер мен гимназияларға жүрмейді. Дегенмен бұл білім мекемелеріндегі сынақтан сүрінген оқушы кәдуілгі мектепте әліпбимен достаса алады

№23 мектепте бұрындары тестілеуден сәтті өткен оқушылар ғана дәріс алатын. Алты жылдан бері мұнда да бірінші сыныпқа баратын бала арнайы емтихан тапсырмайды. Енді шымкенттіктегі айтулы мектепте кез келген бала бара алады. Алайда, оқу орны осының салдарынан оқушыға лық толуда.

Сөйтіп, баланы бірінші сыныпқа қабылдаудың жаңа заңы күшіне енді. Қалалық білім бөлімі бұл тәртіпті сақтау барлық білім мекемесінің міндеті деп отыр. Ал заңды бұзғандар жазасын алады. Бірақ жазаның қандай дәрежеде берілерін білім бөлімі әзірге анықтамапты.