Лос-Анжелесте «Оскар» сыйлығы тапсырылды

318
"Ажырасу" атты фильм түсірген ирандық режиссер Асгар Фархади фильм жеңіп алған "Оскар" сыйлығын алып тұр. Лос-Анжелес, 26 ақпан 2012 жыл.

Лос-Анжелесте америка кино академиясы тағайындайтын «Оскар» сыйлығын тапсыру салтанаты өтті, деп хабарлайды Азаттық.

«Жылдың ең үздік киносы» атағы француз режиссері Мишель Хазанавичустің «Артист» фильміне берілді. Хазанавичусті ең жақсы режиссерлік қызметі үшін де марапаттады. Осы фильмге түскен Жан Дюжарден «Ең үздік ер адам рөліне» тағайындалатын сыйлықпен марапатталды.

«Темір әйел» фильмінде Маргарет Тэтчердің ролін сомдаған Филлид Ллойд «Ең үздік әйел ролі» деген марапатқа ие болды.

«Ең үздік анимациялық фильм» номинациясы бойынша берілетін сыйлыққа Гора Вербинскийдің кесіртке туралы компьютермен түсірген «Ранго» мультфилімі ие болды.

Иран режиссері Асгар Фрахадидің «Ажырасу» атты фильмі «Шет тіліндегі ең үздік фильм» сыйлығын жеңіп алды.