Шымкентті де су басты. Бадам өзенінің жағалауындағы үйлерді су алды

297
Бозарық көшесінің бойындағы судың ағысын тоқтату мүмкін болмады

Ауа-райының жылына бастағанынан тұрғындар қайта зардап шегуде. Дүйсенбі күні кешкісін Бадам өзенінің жағалауындағы елді мекендерді су алды.

судың деңгейі 40 сантиметрге дейін көтерілді

Бозарық көшесінің тұрғындары арық тазалауға көшті. Мұндай жағдай Бозарық және Дзержинский көшелерінің бойында екінші рет қайталанып отыр. Жергілікті халық қолына күрегін алып, 30-40 сантиметрге көтерілген судың ағынын тоқтатумен әлек.

Бүгін белгілі болғанындай, Үшқұдық көшесін де су алған. Бұл жердегі тұрғын үйлердің ішінде су бір метрге дейін көтерілгенге ұқсайды. Төтенше жағдай қызметіне де Әл Фараби әкімшілігіне де хабар бергенімен, көмек келген жоқ деп халық ашынып отыр.

Өткен жолы жергілікті әкімдік мамандары құм салынған қапшықтармен бөгет жасаса, бұл жолы әрекет жасағандар көрінбейді.