Жәрдемақының көлемі қанша?

Елімізде көп балалы аналарды қолдауға қатысты әлеуметтік бағдарламалар аз емес. Жаңадан дүниеге сәби әкелген аналарға төленетін төлемақылардан бөлек бір жасқа келгенше баланы күтіп-баптау үшін де берілетін жәрдемақы бар. Оқырмандардың сұрауы бойынша сол жәрдемақылардың көлемін қайталап ұсынып отырмыз.

Бала тууына байланысты біржолғы ақы:

2012 жылдың 1-қаңтарынан бастап – бірінші, екінші, үшінші бала туғандарға бір жолғы жәрдемақы көлемі – 48 540 теңге.
төрінші және одан көп бала туғандарға бір жолғы жәрдемақы көлемі – 80 900 теңге.
Егіз туған жағдайда әрбір сәбиге жеке-жеке тағайындалып төленеді.

Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі үшін:

бірінші балаға – 8899 теңгеге

екінші балаға – 10 517 теңге

үшінші балаға – 12 135 теңге

төртінші және одан кейінгі туылған балаларға – 13 753 теңге.