ОҚО-да құтырудан ер азамат қаза болды

327

ОҚО Түркістан қаласында ер кісі құтыру ауруынан қаза болды. Бұл туралы ҚР ТЖМ хабардар етті.

19-ақпанда 1967 жылы туылған ер кісі ауруханаға жеткізілген болатын. Оның қолын ит тістеп алған екен.

Азаматты аман алып қалуға дәріргерлер қанша әрекет жасағанымен, 27-ақпанда кісі бақилық болды. Дәрігер мамандардың қойған диагнозы клиникалық паралич дәрежесіндегі құтыру болды.

Бұл 2012 жылы құтырудан адамның қаза болып отырған алғашқы жағдайы.