Оңтүстікқазақстандық кәсіпкерлер мен депутаттар Нидерландыға барып қайтты

303

Оңтүстікқазақстандық кәсіпкерлер мен депутаттар Нидерландыда болып қайтты.

ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай ақпанның 28 мен наурыздың 3- аралығында Оңтүстікқазақстандық делегация Нидерланды Патшалығына іс сапармен барып қайтты. Делегация құрамында облыстық мәслихаттың депутаттары, аграрлық сектордың басшылары, құс , өсімдік, жылы жай, балық және өзге бағыттағы шаруашылықтарының жетекшілері  бар.

Шараның мақсаты голландиялық озық технологияларымен танысу және тәжірибе алмасу. Сондай-ақ екі елдің кәсіпкерлері арасындағы серіктестікті нығайту. Амстердамдағы индустиялды клубында бизнес кездесулер өтті. Іс сапардың қорытындысы бойынша   екі жақ талқыланған міндеттер практикаға ұласады деген сенім  білдірді.