Қайрат Нұртас Қырғызстанда концерттік кеш береді

Қайрат Нұртас анасы Гүлзира Үсенқызымен

Мамыр айының бірінші жұлдызы күні әнші Қайрат Нұртас Қырғыз елінде концерттік кеш береді.

Қайраттың шығармашылығындағы тағы бір жаңалық-«Ол сен емес» атты әніне бейнеклип түсіріліпті. Бейне туынды Алматы қаласында түсірілген. Ал мамыр айының 27 күні әнші Мәскеу қаласында өтетін сұлулар байқауында ән орындамақ.

Гүлзира Үсенқызы, Қайрат Нұртастың анасы, әрі продюсері: «Қайраттың көрермендеріне жеткізер жаңалығы көп. Айырқалпақты ағайындыларымыз бен сондағы қандастарымыздың сұранысымен 1 мамыр күні Қырғызстанға концерттік кешпен бара жатырмыз. Бірнеше күн сондағы қалаларды аралап қайтпақпыз.  «Ол сен емес» атты әніне бейнеклип түсірді. Бұл әннің авторы Нұрлан Әлімжан».

Қайрат Нұртас, әнші: «Көптен күткен арманым орындалды. Келесі бір әніме бейнеклип түсірдім. Ендігі мақсатым Қырғызстандағы қандастарымызды қуантып қайту. Көңі күй жаман емес. Бір күнім де бос емес».