М-1 ережесіз жекпе-жек Шым қалада өтті

488
Қырғызстандық қонақтар ептілік танытты
Қырғызстандық қонақтар ептілік танытты, фото Тимур Джумабековтікі
Бабур Артықбаев қарсыласын нокаутқа жіберді
Бабур Артықбаев қарсыласын нокаутқа жіберді , фото Тимур Джумабековтікі

Қазақстан Қырғыстанға қарсы тұрды. Шымкенттің ринг төріне ережесіз жекпе жектің мықтылары шықты.Бұл жолы 6 жұп ептілігін байқады. Олардың арасында Әлемнің чемпионы Бабыр Артықбаев та бар.

Бабур Артықбаев, Әлем чемпионы: «Менің қарсыласым да мықты спортшы. Енді, Әлем чемпионы екенмін деп  дайындалмай қоюға болмайды. Әр жекпе -жектің өз қиындықтары болады. Бұл жолы да жеңіске жете білемін деген ниеттемін. Оның үстіне биыл мен Бүкіләлемдік универсиадаға дайындалып жүрмін».

Шымкенттік боксшы қарсыласын нокаутпен жеңді. Тізе біккен қырғызстандық спортшы жекпе-жекті ары қарай жалғастыра алмай, төрешілер кездесудің тағдырын шешті.

Ал Шымкенттік Ержанды командаластары «Арлан» деп атап кеткен. Жерлесіміз атына сай екенін дәлелдеп алғашқы раундтың өзінде-ақ қырғызстандық қарсыласын жығып салды.

"Қазығұрттың" спортшылары "Мұхамммед Омарға" қарсы тұрды
"Қазығұрттың" спортшылары "Мұхамммед Омарға" қарсы тұрды , фото Тимур Джумабековтікі

Десек те, оңтүстіктің «Қазығұрт» командасы қонақ жайлық танытты. Қырғыздар да осал жау болмай шықты.

Болат Ыбраев, ОҚО шығыс жепке-жегі федерациясының президенті: «Осыған дейінде кәсіби рингті Шым қаланың төріне қойып, жарыс өткізген болатынбыз. Биыл көршілес қырғыздардың ептілігін байқап көрейік дедік. Екі жақтың спортшылары да мықты деп сеніммен айта аламын. Тартыста кездесулерді жерлестеріміз тамашалай алады».

Есеп 4-2. «Мухаммед Омар» командасы жеңіспен үйіне қайтты. Ал жерлестеріміз дайындығын шыңдап, келесі жолы шеберлік танытамыз деп өзара уәделесті.