Шымкентегі 166 көшенің жолы тақтайдай тегістеледі

239

Шымкентте жолдарды орташа жөндеуден өткізу жұмыстары басталды. Биыл 166 көше жөндеуден өткізіледі. Облыстық бюджет бұл шараға бұрын соңды болмаған қомақты қаражат жұмсамақ. Биыл тапсырыс берушілер жол құрылысының сапасын қатаң бақылауға алмақшы.

Бүгінде 50 көшеде жұмыс басталды. Мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпаздары 5 компанияның жұмысын тапсырыс берушілерден бөлек екі инженерлік мекеме қадағалайды. 200-ден астам шақырым жол күз айына дейін толығымен аяқталады.