Бірлік мерекесін «Мега» атап өтті

244
Мега орталық

Берекелі елдің тірлігі де мерекелі. Еліміз ынтымақ пен бірлік күнін тойлады. Бұл шарадан қала орталығындағы «Мега» сауда орталығы да тыс қалмады. Орталық қала тұрғындарын ерекше тартуларымен қуантып, көңілді концерттік кешін де ұсынды.

Атаулы мерекелерде өз тұтынушылары мен қонақтарына ерекше сый жасайтын «Мега» орталық бірлік күнін де атап өтті. Ынтымағы ұйыған елдегі өзге ұлт өкілдерінің басын қосып, әр ұлттың ұлттық биін билеп, әнін салды жиналған көпшілік.

«Мега» сауда орталығының алдында көрме ұйымдастырылды. Мұнда шебер қолдан шыққан барлық ұлттың құндылықтары қойылып, сатылымға түсті. Қызығушылық танытқан келушілер де көп болды.

Ольга Пэдуре, көрменің ұйымдастырушысы: «Бүгінгі мейрамда көрме ұйымдастырып, сатуға жағдай жасап отырған «Мега»орталықтың басшыларына рахмет. Елімізде тыныштық болып, татулығымыз ыдырамасын. Әрбір отабысына бақыт, қуаныш, береке тілеймін».

Бұл мейрамнан меганың балдырғандары да тыс қалмады. Олар асфальтқа сурет салып, менің ароманым байқауында өзара бақ сынасты. Жас суретшілердің бірі Бөгенбай Қайыржан- 13 жаста. Ол-көп ұлтт