О.Бөкейдің «Қайдасың, қасқа құлыным» повесі

Әдебиетке өз өрнегімен келген жазушы

«Бір ел – бір кітап» акциясы елімізде 2007 жылдан бері жалғасын тауып келеді. Алғашқы жылы таңдау  Абайдың  мағыналы да мәнді «Қара сөздеріне», 2008 жылы  Әуезовтің «Қилы заман» кітабына, ал 2009 жылы Мағжан Жұмабаевтың «Жан сөзі» лирикалық шығармаларына, 2010 жылы Жұбан Молдағалиевтің «Мен – қазақпын» поэмасына түскен болатын.  Өткен 2011 жылы Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақ білек» романын барлық оқушылар жаппай оқыған болса, биыл  2012 жылы драматург Оралхан Бөкейдің «Қайдасың, қасқа құлыным» атты повесін ұйымдастырушылар басты тақырып етіп алыпты.

Осыған орай Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасында  әдебиетке өз өрнегімен келген жазушы Оралхан Бөкейдің «Қайдасың, қасқа құлыным» атты повесін насихаттау және оның өмірдерегі мен шығармашылығымен танысу кеші өтті.  Әдеби кешке қатысқан қаламыздағы №44, 60 мектептің 7,8- сынып оқушылардың назарына алдымен Оралхан Бөкейдің өскен ортасы мен туған жері, бауырлары мен сыныптастары туралы суреттерден тұратын слайд шоу ұсынылды.

«Қайдасың , қасқа құлыным» атты повесті оқып, ондағы жағымды, жағымсыз кейіпкерлер туралы өз ойларын білдірген оқушылар ондағы образдарға талдау жасай білді. Олардың туындығы деген өз ойын, пікірін айтқызу, шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған кеш әсерлі де мағыналы әңгімелерге толы болды. Сонымен қатар, О. Бөкейдің шығармаларын сүйіп оқитын оқырман, «Шым-жас» газеті мен «Ақылдым» журналының жас тілшісі Алтай Бақбер де өз ойымен бөлісті.

Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасының ұжымы әдеби кештерді оқушылардың қатысуымен жиі өткізіп тұрады.