Шымкентте құран қариларының жарысы өтті

350

Шымкентте құран қариларының жарысы өтті. Оған медресе шәкірттері мен арнайы дәріс беретін орындардың тәрбиеленушілері қатысты.

Құранды жатқа оқудан бәсекеге түскендер облыстың барлық өлкесінен жиналған. Негізінен бұл шараны жыл сайын өткізу дәстүрге айналып отыр. Бұл жолы Рамазан айының қарсаңында өткізуді ниет еткен ұйымдастырушылар құран қарилар жарысының бағдарламасын бұрынғыдан әлдеқайда көлемді еткен.

Айтулы шараға ұйытқы болғандар қатысушыларға қомақты жүлде де тағайындапты.