Шымкентте 5506 түлек үшін «соңғы қоңырау» соғылды

330

Бүгін еліміздің барлық мектептерінде соңғы қоңырау соғылып, түлектер 11 жыл білім берген алтын ұясымен қоштасты. Шымкент қаласындағы 83 орта мектепті 5506 шәкірт бітіріп отыр. Өткен жылы 24- ке артық болған.

Биылғы жас түлектердің 10-ы №24-ші мектепті тәмәмдады. 32 жылдық тарихы бар Саттар Ерубаев атындағы мектептің ғимараты апатты жағдайда болғандықтан, Елбасының «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойыша 3 жыл бұрын қайта салынды. Мұндағы шәкірттер сол уақытта қаладағы білім ұяларына таратылған болатын. Сондықтан, қазір оқушылардың саны мұнда аз.

Өткен жылы шәкірттердің саны 300 болатын. Биыл 500-ге жетті. Оның мектепті бітірген 10 оқушысының 8-і ұлттық біріңғай тестке қатысуға ниеттеніп отыр. Түлектердің саны аз болғанымен, ұзтаздар олардың сапалы білім алғанына сенімді. Алдағы уақытта да шәкірттердің білім деңгейінің жоғары болуына бар тәжірбиемізді жұмсаймыз, әрі болашақта мектеп көпсалалы білім ошақтарының біріне айналады дейді директор.

Осы күні №46-шы мектеп-гимназиясында да соңғы қоңырау соғңылып, 100-ден аса түлек үлкен өмірге жолдама алды. 11 жыл білім берген алтын ұя мектебімен қимай қоштасқан аға-апаларының ізін жалғастыратын өзге оқушылар оларға арнап, би билеп, әндерін тарту етті.  Ән айтып, мұң бұрала би биледі.