ҰБТ. Алғашқы күндегі нәтиже көп түлектерді қуантпады

291

ҰБТ-дің алғашқы күніндегі нәтиже көп түлектерді қуанта қойған жоқ. Тест нәтижесі әдеттегдіей университет жанындағы тақтайшаларға ілінген болатын.

Оңтүстіктіктің болашақ талапкерлерінің басым бөлігі жинаған балына көңілі толмады. Көзіне жас алып, есінен танғандар да кездесті.

Алғашқы күні тестіге кірген талапкерлердің көбі сұрақтардың қиын болғандығын мойындады.

«Біз дайындалған сұрақтар тіптен келмеді»,-деп ызаланды олар. Әсіресе, математика, Қазақстан тарихындағы берілген сауалдарға жауап беру түлектерге қиынға түскен. Ал кейбір тест тапсырушылар кезекшілер мен құқық қорғаушылар тарапынан қысым көрсетілгенін де жеткізді.

Бұл наразы топтың арасында «Алтын белгіге» үміткерлер де болды. Олар міндетті түрде аппеляцияға кірмек.

Естеріңізге сала кетейік, ҰБТ облысымызда маусымның 1 мен 9 аралығында өтеді. Биыл тестілеуге қатысамын деп өтініш білдірген түлектердің саны 39 645.