ҰБТ. Биылғы орташа көрсеткіш – 65,07 балл.

365
ҰБТ-2012

«Биылғы көрсеткіштің төмендігіне қатаң тәртіп себепкер болды. Десе де, оқушылар өздерінің нақты білім дәрежелерін айқындап берді»,-дейді облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары Серік Әуесхан. Айта кетейік, биыл мектеп бітірген 39 645 оұушының 26 112-сі ҰБТ тапсыруға ниеттенген. Алайда, түрлі себептерге байланысты 26016 оқушы сынақтан өтті. Оның 21 905-і қазақ болса, 2719-ы орыс, 1392-сі өзбек оқушы.

Сынаққа белгілі себептермен қатыспаған 96 бітірушінің 45-і денсаулығына байланысты сынаққа келе алмаған, ал бесеуі сынаққа дейін қайтыс болған. Ал қалғаны түрлі олимпиада жеңімпаздары болғандықтан, ҰБТ-ға қатыспаған.

Серік Әуесхан, облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары: «Орнатылған қатаң тәртіптің орнатылуы және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеудің алдын алуының дұрыс ұйымдастырылуының арқасында, нақты нәтижеге қол жеткізіп отырмыз. Бұл жұмыс осылай жалғасу керек. Оған ата-аналар да, оқушылар да үйренуі керек. Келешегіміз жастар дейтін болсақ, біз сапалы білімімізді дәлелдеуіміз керек. Сонда ғана, нағыз маман иесі болып, елдің тұтқасын ұстаймыз. Сол үшін осы талап орынды деп есептеймін. Бұл ара қарай жалғасуы керек».

Өкініштісі сол, «Алтын белгіге» үміткер 1483 бітірушінің тек 16 пайызы, яғни 236-сы үмітті ақтап шыққан. Ал 1 балл тағдырын шешкен 90 оқушы мен 2 балы жетпеген 63 оқушы аппеляцияның шешімін күтіп отыр. Оған 3 балын дәлелдей алмай, сарылып жүрген 66 үміткерді тағы қосыңыз.

Серік Әуесхан, облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары: «Бұл оқушылардың барлығы аппеляцияға шағым түсірген. Егер, комиссия мүшелері дұрыс деп тапса, балдары да көтеріліп, «Алтын белгі» иегерлерінің де саны өсуі мүмкін. Қазірге берілген нақты ақпарат осы. Толық қорытынды әлі де шығып біткен жоқ. Білім рейтингісі бойынша нақты мәліметті министрлік бермей отыр. Себебі, ол облыстар арасында бақталастықты тудырып, түрлі әрекеттерге бару мүмкін. Тәртіп те бұзылуы мүмкін. Сол себепті де, облыстардың деңгейі әзірге құпия түрде сақталып отыр».

Көшті Кентау қаласы бастап тұр. Ал 71,42 балдық көрсеткішпен Шымкент қаласы екінші орында. Үшінші орынды Түркістан еншілепті.

Серік Әуесхан, облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары: «Ал ең төменгі аудандар Сарығаш-58 бал, Шардара ауданы-60,36 бал және Қазығұрт ауданы-60,53 бал. Қалғандары 68 бен 61 балдың ортасында».

Бұл білім басқармасының алдын-ала берген мәліметі. Көрсеткіштер әлі де өзгеруі мүмкін деп сеніп отыр ондағылар.