Бейбіт Шүменов атағын абыроймен қорғады

Спортта чемпион болудан гөрі  атағыңды сақтап қалу қиын деген тәмсіл бар. Кәсіпқой бокстың жарық жұлдызы Бейбіт Шүменов әлем чемпионы атағын абыроймен қорғады.

Лас-Вегаста өткен шаршы алаң бәсекесінде Шымкенттің жігіті мексикандық Энрике Орнеластан айласын асыра білді.  Жекпе-жек 12 раундқа созылып, барлық төрешілердің шешімімен  қазақ боксшысы жеңіс тойын тойлады.

Спорттық ғұмырын әуесқой бокста бастаған Б.Шүменов бұған дейін 13 кездесу өткізді.  Оның 12-де (8-і нокаутпен) жеңіске жетіп, бір рет жеңілістің ащы дәмін татты.