Парасат колледжі оқуға шақырады

1969

Жыл өткен сайын мектеп бітіруші түлектерге ҰБТ-де шектік балды жинау қиынға түсуде. Осыған сәйкес талапкерлердің білім деңгейіне қойылар талап та күшеюде. Ал тестілеудің нәтижесіне көңілдері толмайтын жастарымыздың саны артып отыр.

ҰБТ-ден шектік балды жинай алмаған талапкерлердің енді алаңдамай-ақ қоюларына болады. Енді олардың оқуға түсу мүмкіндіктері бар. Парасат колледжі өз болашағына сеніммен қадам жасағысы келетіндерге есігін айқара ашады. Бұл оқу орнындағы білімнің жоғарғы сапасы бұрыннан белгілі.

Болат ҚҰРМАШАЕВ, «Парасат» колледжі директорының көмекшісі: «ҰБТ биыл қиын өтіп жатыр. Тәртіп те қатаңдады. Бірақ бұл оқуға түсе алмайды деген  сөз емес қой. Орта арнаулы оқулары бар. Біздің Парасат колледжі сіздерді күтеді».

Қазіргі таңда колледжде 10 мамандық бойынша білім беріледі. Студенттерден жоғары білікті оқытушылардан тәлім алуда. Теориялық біліммен қатар студенттер түрті мекемелерден іс-тәжірибеден өтіп, кәсіби нарықтың талаптарына сай болып шығады.

Манат БЕГІМБЕТОВА, «Техника және экономика» бөлімінің меңгерушісі: » Қазір көптеген жұмысберушілер қау оқу орынн бітіргеніне қарамайды. Ең бастысы, өз маманын жақсы игерген болса болғаны».

Колледжді бітірген түлектер кешенді тестілеуді тапсырып, нәтижесінде ЖОО-на 1-курсқа қабылдана алады. Дегенмен, бір айта кетерлігі, олар бұрынғыдай 4 жыл емес, 3 жыл оқиды. Қазіргі таңда «Парасат» колледжі білім берудің халықаралық стандарттарының барлық маңызды талаптарына сай. Аталмыш колледждің дипломына ие болған түлектер бизнес, саясат, экономика және білім беру салаларында сұранысқа ие.