Нұрай Сәрсенова «Little Miss Kazahstan-2012» атанды

409

Шымкенттік кішкентай сұлу Нұрай Болатқызы Сәрсенова «Little Miss Kazahstan-2012» байқауында  бас жүлдені жеңіп алды.

30  маусым күні Алматы қаласында өткен сұлулық сынына республиканың түкпір-түкпірінен ақылына көркі сай көрікті бүлдіршін арулар бақ сынасқан болатын. Сөйтіп шымқалалық балғын  жүлдені қанжығасына байлап қайтты. Айта өтейік, бұдан бұрын Нұрай Болатқызы «Little miss SHymkent-2012 » байқауында жүлделі 1-ші орынды жеңіп алған болатын.

Енді Оңтүстіктің  намысын абыроймен қорғай білген Нұрай Қазақстан атынан Түркия елінде өтетін  әлемдік сұлулық сынына қатысатын болады.