Шымкентте ақша бар, жұмсайтын адам жоқ

279
Қайрат Молдасейтов, қала әкімі

Қала тізгінін үш ай бұрын өз қолына алған Қайрат Молдасейтов жарты жылда атқарған жұмыстарын баяндады. Жасыратыны жоқ, облыс орталығында біткен жұмыстан, жасалатыны көп.  Бұл тұста қаланың тазалығы мен экономикалық дамуы басты назарда болуы тиіс.

Аудан, қала әкімдерінің есеп беру мезгілінде облыс әкіміне жергілікті тұрғындардан жаңа әкімге 11 сауал келіп түсіпті. Оның басым бөлігі  қала тазалығына қатысты болып отыр. Әсіресе аптап ыстықта қала орталығында қоқыс қалдықтарының қордалануы, шаһар келбетін бұзып қана қоймай,  санитарлық талапты да өрескел бұзуда.

Тағы бір өзекті іс қаланың коммуналдық шаруашылық бөліміне қатысты болды. Соңғы кездері жаңа салынған жолдар пайдалануға берілмей жатып, «Қазтрансгаз» мекемесі тарапынан жиі бұзылады. Былтыр да солай болған. Көгілдір отыннын құбырларын жаңартпақ болғандар мен коммуналдық қызмет көрсететін мекемелер қала жолдарын шұрық тесік етіп жатыр.

Қала әкіміне айтылған сын ескерпелердің тағы бір легі  бөлінген қаражатардың игерілмеуіне қатысты болып отыр. Бүгінгі таңда 1 млрд. 200 млн. теңге игерілмей қалған. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда бірнеше есеге артық.  Қаланың коммуналдық қарыздары да шаш етектен екен. Облыста қордаланған 750 млн. теңге қарыздың 550 млн. Шымкент қаласының үлесінде болып шықты.

Қорыта айтқанда, қала барлық сала бойынша жұмысты ширатуы тиіс. Шаһар көркі мен экономикасына қарап, облысқа баға беріледі. Бұл талап бүгінгі жиында қала әкімі аппаратына кезекті рет ескертілді .

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=eJTsIvUiBTk[/youtube]