Шымкенттегі мемлекеттік айыптұрағы қаңырап тұр

456
штраф стоянка

Шымкенттегі мемлекеттік айыппұл тұрағы құр тұр. Бұлай деп «ЛТД Тұрмыс» коммуналдық мекемесі дабыл қағуда. Тұрақта 160 ғана көлік бар, бүгінгі күнге. Орын жетерлік, алайда айыпты көліктердің басым бөлігі жекеменшік тұраққа қойылады.

Мемлекеттік айыппұл тұрағы бос тұр. Көліктердің мұнда әкелінуі екі талай. Сондықтан да қалалық коммуналдыө мекеме шығынға жұмыс жасап отыр.

Гүлнәр Сапарымбет, «ЛТД Тұрмыс» ЖШС-ның директоры:«Біздің мекемеге әр машинадан 340 теңге түседі. Он машина болса, 3400. Бұл қаражатпен жарық немесе пайдаланған суымыз үшін есептесуге болады. Біз қала басшысынан осы мәселені шешіп беруін өтіндік. Жол полициялары жұмыс істейді, бірақ айыпты көліктерді жекеменшік тұраққа жібереді».

Рас, жекеменшік тұрақтарда жұмыс қарқынды. бір сағаттың ішінде, бірден үш көлік әкелінеді. Тілшілермен тілдесуге уақыттары да жоқ. Өйткені келген көліктерді тіркеу керек.

Жүргізушілермен күресте тым өжет. Алайда жол полицейлері мемлекеттік айыппұл тұрағының қаңырап тұрғанына бас ауыртқысы келмейді. Олар ереже бұзылған аймаққа жақын тұрақты таңдап, сол жерге жәбере салуды әдетке айналдырған.

Маншук Саржанова,жол полиция инспекторы: «Маған бәрі-бір. Қай жер жақын сонда жіберемін. Егер «Көмешбұлақ» базары жағында жұмыс істесем, мемлекеттік тұраққа жіберемін. Ал шағынаудандарда болсам, осы жекеменшікке жеткіземіз».

Түсінгеніміз, шымкенттік жол ережесін бұзушылардың басым бөлігі шағынаудандарда тұрады екен. Сондықтан да ұзақсынатын көрінеді. Мемлекеттік айып тұрағының бос тұрған себебі де сол.