Балаңыздың мектепке дайындығын пысықтаңыз

332
1-сынып

1-қыркүйек оқушылар мен олардың ата-аналары үшін маңызды күн. Әсіресе, бала бірінші сыныпқа барса, тіптен мереке. Баласы биыл мектеп табалдырығын аттайтын Гүлнар Балтабаеваның уайымы басым. Десе де, репетитордың көмегіне жүгінген жоқ. Өйткені баласына мектепке дейінгі мекеме оқу-жазуды үйретіп қойған.

Гүлнар Балтабаева, ата-ана:«Балабақшаның тәрбиешілеріне үлкен рахмет. Олар барлығын үйретіп, әріп танытты балама. Қазір өзі оқып, өзі жазу жаза алады».

Баланы мектепке дайындау-үлкен шығын екенін мойындайды біздің кейіпкер. Бір қуантарлығы базар болсын, мейлі дүкен болсын мектепке қажетті құралдардың толып тұрғаны. Қалтаңда ақша болса, бәрі бар. Бірақ, қымбат. мысалы үшін, бір ғана бірінші сыныпқа баратын баланы киіндіру үшін костюм-шалбарын 13 мыңға, сөмкесін 3 мыңға, аяқ киімін 5 мыңға аласын.

Гүлнар Балтабаева,ата-ана:«Кітап, дәптер, жазу дәптерлерін сатып алу-қиынға соққан жоқ.Балам мектепке дайын. Қымбат болса да, алғаш мектеп табалдырығын аттайтын баламнан ешнарсе аямаймын».

Мамандардың айтуынша, баланы мектепке даярлауда да психолониялық дайындық керек. Ата-ана баласының қобалжуын түсіне білуі қажет. Психологтар баланы алдын-ала оқу жүйесіне үйрету керектігін алға тартады. Сонда ғана, бірінші сынып балалары байыпты болатын көрінеді. Әсіресе, 1-қыркүйек күні ата-ана баласының қасынан табылуы қажет.

Қаламқас Қасымбекова,методист:«Ата-аналардың өздері дәл осы күні сабырлы болуға шақырамыз. Баланы бұл күні жазалауға болмайды. Салтанатты рәсімге кешіксе де, ашулануға жол бермегендері дұрыс».

Баламен бірге алғаш мектепке келіп, партасына отырғызып, серуендеудің өзі балаға психолгиялық қолдау болады. Сондықтан ата-аналар осыған мән берген дұрыс болар.