Диқандар өнімдерін қоймаға кіргізе алмай отыр

330

Түлкібас ауданында диқандар өнімдерін қоймаға кіргізе алмай отыр. Осы маңдағы жеміс сақтайтын жалғыз қамбаға кірер жолды жаспарлас салынған үйдің қожайыны қазып тастаған. Ал, жергілікті сот ол азаматқа жер телімінің шекарасынан шығып кеткен құрылысты заңдастырып берсе керек.

Аппеляциялық сот ол шешімді «негізсіз» деп, ішінара бұзған. Алайда, жергілікті тұрғынның мұнымен тынышталатын түрі жоқ. Осылайша, қойма қожайыны мен үй егесі соттасып жүргенде аудандағы алма өсіретін бағбандар шығынға батып жатыр.

Майтөбе ауылындағы қоймаға келген жүк көліктері көршілес үйдегі тұрғындардың әрекетінен күресінде кідіріп тұр. Бұл үйдің қожайындары «жарты мерті маған тиесілі» деп қамбаға кірер жолды қаздырып тастаған. Салдарынан, жеміс-жидек сақтайтын нысанға тек шағын контейнерлер ғана кіре алады.

Рахат Көшкінбаев, жеміс-жидек сақтайтын қойма қызметкері: «Бізге КамАзбен әкелген тиімді. Көп партиямен. Шығын сәл аздау болады. Ал, мынау шағын партия, 3 тонна мына жерде. 3 тонналап қай уақытта тасып боламыз. Оның шығыны көбейін жатыр».

Алияр Шамшилов бұл үйді осыдан он екі жыл бұрын сатып алған екен. Бірақ, асхана сыртындағы жарты метрі жердің өзіне тиесілі екенін сегіз жылдан соң білген. Қолында онысын растайтын ешбір құжаты болмаса да үй сыртында жатқан жарты метрді қоршап алғысы келіп, бағандар орнатып тастапты.Қойма қожайындары мен тұрғынның арасындағы текетіреске аудандық соттың шешімі негіз болып отыр.

Алияр Шамшилов, Түлкібас ауданының тұрғыны: «Мынау аудандық соттың шешімі. Оны ешкім, ешқашан бұза алмайды. Жердің мемлекеттік актісі де бар. Бірақ, әзірге тіркеуге алынбаған».

Алайда, ешкім бұза алмайды деген аудандық соттың шешімін аппеляциялық сот ішінара негізсіз деп тауып, бұзған. Ал, жер ресурстары және жерге орналастыру мекемесі берген анықтамада «қоймаға көрші салынған үйдің сарайы жер телімінің шекарасынан шығып кеткені айтылған. Жергілікті соттың солақай шешімінен былтырғы қыста диқандар 50 тонна алманы қоймадан шығара ала алмай, шірітіп алыпты.

Асқан Төлешев, «Түлкібас жемістері» ауылдық тұтыну коперативінің төрағасы -күздің күні бағбандар да алмасын қайда сыйғызарын білмейді. Сөйтеді де, лаж жоқ малға береді, сокқа өткізеді. Алма осы жерде сақталатын болса, базардағы баға да төмен болар еді.

Осылайша, қойма қожайындары мен жергілікті тұрғын жарты метрге дауласып жатқан 4 жылда Түлкібаста алма бағының аумағы едәуір артып, қазір мың гектарға жуықтап қалды. Сақтайтын жердің жоқтығынан жиналған өнімнің қызығын алып сатарлар көріп жатса, қалғаны шет елге асып жатыр.

Алма сақтауға арналған осы маңайдағы бірден бір қойма қыста екі тоннаға дейін өнім сақтауға мүмкіндік бар. Бұл әсіресе қыс айларында базардағы жеміс-жидек бағасын тұрақтандыруға сеп болуы тиіс болатын. Алайда, бірнеше жылдан бері қойма қаңырап бос тұр. Өйткені, мұнда кіріп-шығу қиындағандықтан, көптеген бағбандар қойма қызметінен бас тартқан.