Ономастика комиссиясы қайда қарап отыр?

қазақтың талай арыстарының тегіне «ова» жалғанып, әйел болып кететін түрі бар
Қазақтың талай арыстарының тегіне «ова» жалғанып, әйел болып кететін түрі бар

Төмендегі суреттерді көргенде «Масқара-ай?!» демеске лажың жоқ. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көгертеміз, жер-су аттарын қалпына келтіреміз дейміз-ау тағы…Ісіміз сөзімізге сай болса ғой, шіркін?! Еліміздегі үшінші қала етуге тырысып жатқан Шымкенттегі көше аттарына жергілікті билік мән берсе дейміз. Әйтпесе, қазақтың талай арыстарының тегіне «ова» жалғанып, әйел болып кететін түрі бар.

Айтпақшы, бұл суреттерді «Нұр Отан» ХДП ОҚО филиалындағы тіл жанашырлары түсіріп алыпты. Қалалық әкімдіктегі жауапты мамандар осы іске «нұротандықтар» кіріскен соң ғана қимылдайтын болар деп ойлаймыз.