Ораза айт мүбарак болсын!

815
сурет ғаламтордан алынды

Бүгін қасиетті ораза айт мерекесінің екінші күні. Ниет етіп, 30 күн ораза ұстап, ауыз бекіткен мұсылман қауым үшін бұл мейрамның маңызы ерекше. Айт мерекесінің алғашқы күні жамағат жұрттың көбі таң сәріден мешітке қарай ағылды. Олар ниет етіп, айт намазын бірге оқыды.

Таң сәріде мешітке жиылған жұрт жайнамазын жайып, айт намазын оқуға әзір болды. Алланың үйіне ниет етіп келгендердің қарасы бес мыңнан асып жығылады.

Орталық мешіттің алдындағы Ордабасы алаңы құлшылық етуге келген жамағатқа толды. Сөйтіп, жиылған жұрт тәкпірімен бірге екі рәкәт айт намазын оқыды.

Бір сәтте барша қауымның құбылаға қарап тізе бүгіп, құлшылық етуі мұсылман жамағатының бірлігін көрсетсе керек. Айт мерекесінің де мақсаты осы. Татулықты нұсқап, өткен-кеткен өкпе-назға кешірімшіл болуды насихаттайды. Айт намазын оқып болған жамағат, бір-біріне мереке мүбәрәк болсын айтысты. 

Бұдан соң қалың қауым бір-бірінің үйіне айттауға кетті.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=AtVRYoaEeRA[/youtube]