Шымкентте 6 жасар бала жоғалды

235

Шымкентте 6 жасар бала жоғалды. Бұл туралы тәртіп сақшыларына «Самал» шағын ауданының тұрғындары, сәбидің ата-анасы хабарлаған. Кешкі апақ-сабақта үлкендер жағы бүлдіршінді таппай қалыпты. Дереу жаппай іздестіру ұйымдастырылады.

Сөйтсе, бұл бүлдіршін «Қазығұрт» шағын ауданындағы атасы мен апасының үйіне кетіпті. Сонда қонаққа жиі барып тұратын болса керек. Үлкендер жағы сабылып жүргенде өзі еш саспайды. Қаршадай баланың қаладан жол таба алатыны көрініп тұр.