Жылжымалы мобильдік топ ауыл тұрғындарына қызмет көрсетті

251
жылжымалы мобильдік топ

Елбасымыз Қазақстан халқына жолдауында халықтың өмір сүру деңгейін жақсартудың бір саласы ретінде медициналық қызмет көрсетудің қолжетімділігін арттыруды тапсырма етіп белгілеген. Осыған орай мемлекеттік «Саламатты Қазақстан – 2015» бағдарламасы аясында облысымызда құрылған жылжымалы мобильдік топ шалғайдағы Шардара ауданының тұрғындарына тегін медициналық қызмет көрсетті.

Елімізде денсаулық сақтау жүйесі дамып, халықтың денсаулығының көрсеткіштері біршама жақсарып қалды. Бала туу өсіп, өмір сүру жасы ұзарды. Мұнда дәрігерлердің еңбегі ересен. Қарапайым халық та өз денсаулығы қолында екенін ұмытпауы тиіс. Жылжымалы топтың дәрігерлері Шардара ауданына қарасты 10 ауылдық округ тұрғындарының денсаулығын тексерді.

Махан Лашынов, Қоссейт ауылының тұрғыны:«Елбасымыздың алыстағы ауылдарды аралап, тұрғындардың денсаулығын тексеру жөнінде тапсырмасына сәйкес облыстық дәрігерлер «Қоссейт» ауылының тұрғындарына медициналық көмек көрсетуде. Бұған біз үлкен рақметімізді айтамыз».

Жылжымалы мобильдік топ 8 адамнан тұрады. Жоғары дәрежелі білікті дәрігерлерге медициналық құралдар арқылы тексеруші 3 дәрігер көмек көрсетуде. Тексеріліп жатқандар саны толастар емес. Себебі түсінікті де – мұндай діргерлер күнде келе бермейді.

Атабай Исламов, медициналық топтың жетекшісі:«Елбасымыздың Жолдауындағы тапсырмаға сәйкес, ауылдарға келіп тұрмыз. 5 дәрігер, 3 дәрігер жәрдемші лаборатория, экг, рентген, хирург,мамандар стоматолог, окулист, гинеколог, акушер, терапевт. 250-300-ге дейін адам келеді. Барлығын қамтуға әрекет қылып жатырмыз».

Ақ халатты абзал жандарға ауылдағы ағайынның алғысы мол. Ал дәрігерлер өз кезегінде мұндай жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатынын айтады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=cwe_BY5PmxE[/youtube]