Ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің туғанына 115 жыл

Жазушының кітаптарынан тұратын көрме ұйымдастырылды
М.Әуезовтың 115 жылдығы ЖОО-нда атап өтті

Бүгін ұлы жазушы, ғұлама ғалым, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, профессор Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туған күні. Абай өмірі арқылы қазақты бүкіл әлемге танытқан жазушының еңбегі жүз он алты тілге аударылған. Жазушының мерейтойы бүгін білім ошақтары мен кітапханаларда, жоғары оқу орындарында атап өтілуде.

Жазушының есімін иеленген Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде бүгін таңертеңнен М.Әуезовты еске алу кеші өтті. Қазақ қоғамын боямасыз бейнелеп, теңдесі жоқ асыл мұра қалдырған қазақ әдебиетінің майталманы туралы естеліктер айтылып, профессорлар мен ғалымдар оның бізге белгісіз болып келген қырлары туралы баяндады.

Жазушының кітаптарынан тұратын көрме ұйымдастырылды

Оқу ғимаратының ішінде жазушының қолынан шыққан дүниелері мен ол туралы жазылған естелік кітаптардан көрме ұйымдастырылды. Қара шаңырақта білім алатын студенттер Әуезовтың кез келген кітабымен жақсы таныс. Әсіресе, «Абай жолы» эпопеясының орны ерекші.

Әуезовтың кітабын тұмардай алып жүретін оқырмандар оның, әсіресе, қазақ қоғамын шебер суреттейтінімен жақсы таныс. Сонымен қатар фольклорлық шығармалар мен драмалық қойылымдар жазған Мұхтар Омарханұлының «Еңлік-Кебек» пьесасы студенттердің қатысумен сахналанды.