Асанбай Асқаров – 90 жаста!

2051
Асанбай Асқаров

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Асанбай Асқарұлы Асқаровтың туылғанына 90 жыл. Атаулы дата оңтүстік өңірінде айрықша атлыып өтілді. 1948 жылдан 1985 жылға дейінгі аралықта Оңтүстік Қазақстан облысы обком партиясының бірінші хатшысы қызметін атқарған Асанбай Асқаров ағамыз бүгіндегі сәбилердің көз қуанышына айналған Зообақтың салынуына, Дендросаябақтың гүлденуіне үлес қосқан. Бүгінде Шымкент қаласында халық жанашырының атымен көше мен мектебі бар. Дәл сол Асанбай Асқаров атындағы №77 мектепте ардақты жанға арналып ескерткіш-бюст қойылды. Оның ашылу салтанатына облыстың түіпір-түкпіренен қонақтар келіп, сол мектептегі мұражайында тамашалады. Мерейтойға жиналған көпшілік Денрологиялық аябаққа арнайы атбасын бұрып, «Асқар таудай Асекең» атты еске алу жиынының құрметті қонағы болды.  Өзі жоқ болса да, көзі бар қайраткерге арналып, үлкен ас та берілді.

Социалистік Еңбек Ері Асанбай Асқаровтың Оңтүстік Қазақстан облысын өркендетуге, өзіндік өшпес ізі мен өлмес қолтаңбасын қалдыруға есепсіз тер төккені, ерен еңбек сіңіргені жұртқа жақсы мәлім. Аласапыранға толы дүбірлі ғасырда айтулы тұлға Жамбыл, Алматы, Шымкент облыстары партия комитетінің бірінші хатшысы қызметтерін абыроймен атқарып, тұтас Оңтүстік өңірінің, оның ішінде, әсіресе, Шымкенттің әлеуметтік-экономикалық және мәдени өркендеуіне ерекше серпін берді. Шымкенттің шырайлы шаһарға айналуына Асекеңнің өлшеусіз еңбек сіңіргенін дәлелдеп жатудың өзі артық. Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары басшының іскерлігімен қалада көптеген әлеуметтік құрылыстар, шағынаудандардың бой түзеп, кәсіпорындардың салынғаны өз алдына, ардақты азаматтың бастамасымен облыс орталығында көпшіліктің көз қуанышына айналған дендросаябақ, зообақ, «Тұлпар» жасанды көлі, балалар теміржолы халықтың игілігіне тапсырылды.

Өгем өзенінен су тартатын канал қазылды, «Шымкент-Ташкент» күрежолы іске қосылды. Бүгінде Шымкенттің еліміздегі үшінші қала мәртебесіне ие болуы да Асқаровтың еңбегінің арқасы десек, артықтық етпейді. Айта берсе, А.Асқаровтың Оңтүстікті өркендетудегі ізгі тірліктерінің ізі сайрап жатыр. Тіпті, қазір де Асекеңнің кезінде жасап кеткен жобаларының біразын жүзеге асыруға әбден болады.

Тірі болғанда биыл Асанбай Асқаров 90 жасқа келер еді. Шымкенттіктер Асекеңнің есімі мен оның ел-жұртына жасаған ерен еңбегін ешқашан ұмытпайды. Асыл азаматымыздың өзі дүниеден озса да, артына қалдырған рухани дүниесі тозбайды. Асқаровтың мол мұрасы келешек ұрпақ тағылым алар Отан байлығына, халық қазынасына айналды.