Жұмағали Исмаиловқа сөгіс жарияланды

Жұмысшы тобы арнайы тексеру кезінде сұрау салынған дәрігерлердің басым бөлігі оны жақсы басшы деп ақтаған.
Жұмысшы тобы арнайы тексеру кезінде сұрау салынған дәрігерлердің басым бөлігі оны жақсы басшы деп ақтағанын айтты

Облыс әкімі Асқар Мырзахметов облыстың денсаулық сақтау басқармасының бастығына арнайы комиссия жүргізген жұмыстың нәтижесі бойынша сөгіс жариялады, деп жазады облыс әкімінің ресми сайты. Жұмағали Исмаилов Ар-намыс кодексінің ережелерін сақтамағаны үшін сөгіс алды. Жұмыс тобы Денсаулық сақтау басқармасының 45 дәрігерімен әңгімелескен. Нәтижесінде, дәрігерлердің көпшілігі Исмаиловқа басшы ретінде оң бағасын берді. Ал қызметінен босатылған үш дәрігердің ісін тексерген комиссия жұмыстан босатудың заңдылығын тексеріп, олардың ісін қайта қарауды ұсынды.

Алмасбек МАМЫТБЕКОВ, «Нұр Отан» ХДП ОҚОФ төрағасының бірінші орынбасары: «Үш бас дәрігердің жұмыстан босатылуы бойынша облыс әкімдігіне ұсыныс берілді. Ол бойынша ешқандай заңбұзушылықтар анықталмаған. Сондықтан да біз осы үш дәрігердің осы салада көп жылдан бері еңбек еткенін және осы саланың білікті мамандары болғанын есепке алып,  денсаулық сақтау басқармасына сол дәрігерлерді қайтадан жұмысқа алу бойынша ұсыныс бердік».

Еске салайық, осыған дейінгі жаңалықтарымызда Облыстың денсаулық сақтау саласынан дау шыққаны жайлы айтқан болатынбыз. Ол кезде емдеу мекемелерінің бір топ бас дәрігерлері өңірдің денсаулық сақтау саласы бастығы Жұмағали Исмаиловтың жұмыстан кетуін талап еткен болатын. Ақ желеңділер басқарма бастығының жөнсіз мінезі туралы ашық хат жазып, оған жиырма шақты дәрігер қол қойып, Елбасына жолдаған да еді.