Ұзтаздар төл мерекесін атап өтті

341
Облыс әкімінің "Құрмет грамотасымен" 15 ұстаз марапатталды

Оңтүстіктің ұлағатты ұстаздары облыс орталығы Шымкентте бас қосты. Бүгін қазан айының бірінші жексенбісінде тойланатын мұғалімдер күні салтанатты түрде аталып өтілді. Еңбегі  жемісті болған оқытушылар қауымы облыс әкімінің құрмет грамоталарына ие болды.

Облыс әкімінің «Құрмет грамотасымен» 15 ұстаз марапатталды

Облыс әкімінің құрмет грамотасына ие болғандардың бірі қазығұрттық ұстаз-Нұржамал Абдраимова. 19 жыл бойы балаға үйретуден жалықпан жан бұл жетістігін облысымыздың 80 жылдық мерейтойына арнады.

Нұржамал Абдраимова, Қазығұрт ауданының мұғалімі: «Еңбегім еленді деп тоқтап қалмасым ақиқат. Бұл елімнің алдындағы міндетім. Болашағымыз балаларымыздың қолында болғандықтан, білім беруден шаршамаймын. Осындай құрмет көрсетіп жатқан облыс басшылығына мың алғыс».

Жас буынды оқыту мен тәрбиелеуде ұстаз аналардан гөрі, ер мұғалімдердің саны артыпты. Осыдан бес алты жыл бұрын, мектеп тәрбиесіне ер азаматтардың жетіспеушілігін алға тартып келгенбіз. Енді олардың қатары көбейіп, білім беруде ерен еңбек етіп үлгерген.

Қайрат Көпжасаров, Түлкібас ауданының мұғалімі: «Мектепке ер мұғалімнің көмегі қажет. Отбасындағы әке тәрбиесінің рөлі қандай айрықша болса, мектепте де сондай. Бала тәрбиесіне келгенде ер мұғалімнен оқушылар аяқ тартады немесе қорқады дей алмаймын. ұстаздың бәрі бірдей. Бірақ, бүгінгі заманның талабы осы».

Қызығы мен қиындығы мол, жауапты маман иелері егенменді еліміздің есті ұрпағын тәрбиелеудегі ерен еңбектері ерекше. Салтанат барысында облысымыздың 15 ұстазы облыс әкімінің «Құрмет грамотасына» ие болса, тағы 15-і облыстық білім басқармасының «Алғыс хатымен» марапатталды.  Ал облыстық білім басқармасы бастығының орынбасыры Нышан Байғұт  білім министрлігінің төс белгісіне ие болды.

Республикалық, халықаралық білім додаларында облысымыздың 40-тан астам оқушылары жүлдемен оралып, жоғары көрсеткіш көрсетіп, облыс мұғалімдерінің мерейін үстем еткен. Алдағы уақытта осы биікті бағындыратын оқушыларымыз көбейгей.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=vKA80-dbdIY[/youtube]